
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде Қазақстандық Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды SportM.kz.
Финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловпен кездесіп, айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті.
📌 Төрехан Сабырхан туралы:
- 🥇 Жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы
- 🥇 2023 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы
Жас былғары қолғап шебері ұлттық құраманың басты үміттерінің бірі саналады. Бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы кезекті маңызды белес болды.