ФУТБОЛ
ҚПЛ: «Оқжетпес» 5-орынға көтеріліп, сенсация жасауды жалғастыруда

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында көкшетаулық «Оқжетпес» кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде 5-орынға көтерілді, деп хабарлайды SportM.kz.
Маусым басында сарапшылар «Оқжетпесті» үздік ондыққа да қоспаған еді. Алайда команда соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, тұрақты ойынымен назарға ілікті.
🔵 «Оқжетпес» – «Қызылжар»: 3:2
- ⚽ Дәурен Жұмат (10’)
- ⚽ Страхиния Йованович (73’)
- ⚽ Дамир Марат (89’)
Қонақтар атынан:
- ⚽ Тоқтар Жаңғылышбай (55’)
- ⚽ Елисей Горшунов (91’)
⚽ Басқа ойындар нәтижесі:
- «Ұлытау» – «Тұран»: 2:1
- «Астана» – «Елімай»: 2:0
- «Тобыл» – «Атырау»: 5:0
- «Жеңіс» – «Ордабасы»: 2:2
- «Қайрат» – «Ақтөбе»: 2:1
- «Қайсар» – «Жетісу» 2:2