Спорт Министрі | Диас Молжігітов Таиландтағы турнирде чемпион атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Диас Молжігітов Таиландтағы турнирде чемпион атанды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде Диас Молжігітов (80 келі) алтын медаль иеленді, деп хабарлайды SportM.kz.

Финалда ол Қытай құрамасының атынан сынға түскен этникалық қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқанмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Диас Молжігітов үшін халықаралық деңгейдегі маңызды табыстардың бірі болды. Қазақстандық боксшылар турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button