
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына сенімді түрде өтті. Үшінші кезеңде ол 2017 жылғы жарыс чемпионы, әлемнің 21-ракеткасы латвиялық Елена Остапенконы жеңді, деп хабарлайды SportM.kz.
Матч басынан Рыбакина брейкпен есеп ашты – 2:0. Алғашқы сет 6:2 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Екінші партияда да Рыбакина 2:0 есебімен алға шығып, Остапенконың қарымта брейкіне қарамастан, ойын тізгінін өз қолында ұстады – 6:2.
Статистика:
- ⏱ Матч ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
- 🧊 Эйс: Рыбакина – 6, Остапенко – 3
- 🟠 Брейк-пойнт: Рыбакина – 14-тің 5-ін, Остапенко – 2-нің 1-ін жүзеге асырды
Осылайша, Рыбакина өзара кездесулерде Остапенконы қатарынан төртінші мәрте ұтты.
Келесі айналымда Елена Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, турнирдің басты фавориті, төрт дүркін чемпион Ига Швентекпен кездеседі. Бұл матч ширек финал жолдамасын анықтайды.