Спорт Министрі | Қазақстандық гимнастар Evgeniya Cup халықаралық турнирінде өнер көрсетеді
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық гимнастар Evgeniya Cup халықаралық турнирінде өнер көрсетеді

Көркем гимнастикадан Омбыда (Ресей) өтетін Evgeniya Cup турниріне қатысатын Қазақстанның толық құрамы жарияланды.

Жеке бағдарламада ел намысын бес спортшы қорғайды. Жүлделер үшін Эрика Жайлауқызы, София Куряченко, Линара Жайлауқызы, Рабия Аманқос және Валерия Васильева бақ сынайды.

Топтық жаттығулар бойынша Қазақстанның негізгі және жасөспірімдер құрамасы бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 29 мамырда басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button