ТРЕНДТЕ
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Әлемнің 309-ракеткасы саналатын Құламбаева ширек финалда ресейлік Арина Булатовамен кездесті. Бірінші сетте 6:1 есебімен басым түссе, екінші сетте 6:4 нәтижесімен жеңісті қорытындылады. Ойын 1 сағат 22 минутқа созылды.
Финал жолдамасы үшін Жібек Солтүстік Македония өкілі Лина Джёрческа (WTA – 310) немесе ресейлік Анастасия Золотарёвамен (WTA – 514) күш сынасады.
Айта кетейік, Құламбаева осы нәтижесінің арқасында WTA Live рейтингісінде 302-орынға көтерілді.