БАСҚАЛАРЫ
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирінде үшінші орынды иеленді

Спортшы төрт кездесуін сәтті өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол турнирдің қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен болатын.