Спорт Министрі | Таиландтағы турнирде Виктория Графеева алтынға таласады
БОКС

Таиландтағы турнирде Виктория Графеева алтынға таласады

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде Виктория Графеева финалға жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы жартылай финалда филиппиндік Ризо Пасьютті сенімді жеңіп, финалға шықты. Енді ол алтын медаль үшін қытайлық Ян Чэнъмен жұдырықтасады.

Тағы екі қазақстандық боксшы – Данияр Рахымбердиев (90 келі) пен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдені иеленді.

Айта кетейік, дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтуде. Байрақты бәсекеге Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және өзге де елдерден мықты боксшылар қатысып жатыр.

Ширек финалда Қазақстан құрамасынан 9 спортшы жеңіске жетсе, тағы үшеуі жартылай финалдан жарысқа қосылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button