Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластар
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластар

Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Азия чемпионаты биыл 5-8 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді. Қазақстан бұл турнирге жоғары орындар үшін күресуге қабілетті ең мықты құраммен қатыспақ. Алайда, жарыста әлемнің ең үздік гимнастарымен бәсекелесуге тура келеді. Толығырақ Olympic.kz материалында.Жарыстар алғаш рет осындай деңгейдегі турнирді қабылдайтын Jecheon Gymnasium аренасында өтеді. Оңтүстік Кореяға ең мықты құрамалар жиналады. Атап айтқанда, Жапония мен Қытайдың гимнастары қатысады деп күтілуде. Олар 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңдеріне қатыспаған болатын.

Биыл барлық командалар үшін басты жарыс – әлем чемпионаты. Жапония мен қытайлықтар Әлем кубогының кезеңдеріне қатыспағандықтан, Азия чемпионатына ең үздік спортшыларын апарып, әлем біріншілігінің алдында дайындық жүргізуді жоспарлап отыр. Қазақстан құрамасының да мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, Корея, Өзбекстан, Тайбэй және басқа елдердің де спортшылары мықты. Демек, жарыста бәсекелестік өте жоғары деңгейде болмақ.

Өткен жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қытай, Оңтүстік Корея және Өзбекстан құрамалары көш бастады (Жапония ол турнирге қатыспаған). Қытайлық гимнастар командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алып, жекелей жаттығуларда да Инь Дэхан мен Тянь Хаоның арқасында ерекшеленді. Өзбекстан құрамасы Абдулла Азимовтің жетекшілігімен командалық есепте екінші орын алды және жекелей жаттығуларда да жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, Корея тек командалық есепте үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластарАл, Филиппин спортшысы Карлос Юло жарыстың басты қаһарманына айналған болатын. Ол бірден төрт алтын медаль жеңіп алды. Карлос көпсайыста, еркін жаттығуда, қол тіреп секіруде және қоссырықтағы жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстан құрамасы төрт медальмен ерекшеленді. Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың финалында жеңіске жетсе, Милад Карими көпсайыста және еркін жаттығуда екінші орын алды. Сондай-ақ, ол кермедегі жаттығуда жеңімпаз атанды. Айта кету керек, бұл — Миладтың Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін қазақстандықтардың арасында көпсайыста ешкім күміс медаль иеленбеген.

Дегенмен, өткен жылғы Азия чемпионаты құрлықтағы құрамалардың күш тепе-теңдігін көрсете алмайды. Өйткені ол кезде Жапония қатыспады, Ташкентке басқа да мықты гимнастар келмеді. Ал, Қытай қысқартылған құраммен өнер көрсетті. Бұл жағдай Олимпиадаға байланысты болды. Әйгілі спортшылардың көпшілігі сол жарысқа дайындалып жатқан еді.

Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластарАйта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарында барлық алтын медальдарді Азия гимнастары жеңіп алды. Жекелей көпсайыста жеңіс тұғырының барлық үш сатысын Жапония мен Қытай спортшылары иеленді. Командалық көпсайыста да жапондар жеңіске жетіп, қытайлықтарды (күміс) артта қалдырды.

Карлос Юло мен тайбэйлік Тан Ча Хун да өздерін көрсетті. Юло еркін жаттығуда алтын медаль еншілесе, Хун кермедегі жаттығуда қола жүлде иеленді. Қазақстан сапында ең жақсы нәтиже Нариман Курбановқа тиесілі болды. Ол аталмыш жарыста күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Карими еркін жаттығуда бесінші орын алды.

Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластар

Чечхонда өткен жылғы Азия чемпионатының және Олимпиада жүлдегерлерінің көбісі бақ сынауы мүмкін. Атап айтар болсақ, басты фавориттер қатарында жапондар – Синносукэ Ока мен Дайки Хасимото, қытайлықтар – Чжан Бохэн, Сяо Жотэн, Лю Ян, Цзоу Цзинъюань, өзбекстандық Абдулла Азимов, иорданиялық Ахмад Абу Аль-Сауд бар. Медальдар үшін күрес қызу әрі тартысты өтпек. Әрине, біздің гимнастар да бәсекеге түспек.

Карими маусымды өте жақсы бастады. Оның еншісінде Әлем кубогы кезеңдерінен алты алтын медаль бар. Ал Курбанов Олимпиададан кейін аздап үзіліс алғанымен, қазір қайтадан бабына келіп жатыр. Түркияда өткен халықаралық турнирде ол алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, биыл қоссырықтағы жаттығуда Әлем кубогының кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінген Дмитрий Патанинді де атап өтуге болады.

Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластар

Азия чемпионатына дейін бас бапкер Александр Ким құрамға іріктеу жүйесін түсіндіріп өткен болатын:

«Алда бізді Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионаты күтіп тұр. Бұл – командалық жарыс. Сондықтан құрамға командалық есепте ең жоғары нәтиже көрсете алатын спортшылар енеді», – деді Александр Ким.

Жақында ел чемпионаты өткен болатын. Сол турнирдегі нәтижелер де Азия чемпионатына қатысатын гимнастарды анықтауда маңызды рөл атқарғаны сөзсіз.

Қазақстан командасының толық құрамы төмендегідей:

Ұлттық құрама:

— Милад Карими

— Ілияс Әзізов

— Дмитрий Патанин

— Нариман Курбанов

— Әлішер Тойбазаров

Жасөспірімдер:

— Роман Мамедов

— Нұртан Ыдырысов

— Роман Хегай

— Артем Ковалев

— Владислав Бабушкин

— Андрей Терман

— Досжан Өмірсерік

Спорт Министрі | Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстанның толық құрамы, жүлдеге үміткерлер және негізгі қарсыластар

Құраманың болашағы бар. Егер Қытай мен Жапония ең мықты құрамдарын алып келсе, командалық көпсайыста жеңіс тұғырына шығу оңай болмайды. Бірақ бұл алынбайтын асу емес. Мысалы, 2023 жылы Қазақстан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол кезде де Карими, Курбанов, Әзізов, Патанин және Тойбазаров өнер көрсеткен еді.

Жекелей жарыстарда біздің құраманың жоғары деңгейде өнер көрсетуге толық мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты 5-8 маусым аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button