Спорт Министрі | Путинцева мен Данилина Ролан Гарроста жұптық кездесулерін сәтті өткізді
ТЕННИС

Путинцева мен Данилина Ролан Гарроста жұптық кездесулерін сәтті өткізді

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина Ролан Гаррос турниріндегі жұптық жарыстарда сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды SportM.kz.

Путинцева бір күнде екі матч өткізіп, алдымен жекелей сында тайбэйлік Джоанна Гарлендті жеңсе, кейін жұптық сында канадалық Лейла Фернандеспен бірге румыниялық Моника Никулеску – польшалық Катажина Питер дуэтін 6:0, 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Енді олар 1/8 финалға шығу үшін словакиялық Тереза Михаликова – ұлыбританиялық Оливия Николлспен кездеседі.

Ал Анна Данилина финляндиялық серіктесі Харри Хелиоваарамен миксте аустралиялық Сторм Сандерс – бельгиялық Сандер Жиллен жұбын 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Олар енді ширек финал жолдамасын ұлыбританиялық Оливия Николлс – Генри Паттен дуэтімен сарапқа салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button