ТЕННИС
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген Жібек екінші айналымда беларусьтық Юлия Готовконы 6:4, 6:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесу бір жарым сағатқа созылды.
Ширек финалда ол ресейлік Арина Булатовамен кездеседі. Булатова өткен айналымда сербиялық Наталия Сеничті 2:6, 6:1, 6:0 нәтижесімен жолдан тайдырған болатын.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева қазіргі таңда WTA Live рейтингінде 305-орынға көтерілді.