
Англиялық «Челси» футбол клубы UEFA Конференция лигасының 2025 жылғы маусымын чемпион ретінде аяқтады, деп хабарлайды SportM.kz.
Финалда лондондықтар Испанияның «Бетис» командасын 4:1 есебімен айқын жеңді. Кездесудің алғашқы бөлігінде Эз Абде 9-минутта есеп ашқанымен, екінші таймда «Челси» ойынды өз қолына алды.
Гол авторлары:
- Энцо Фернандес (65-минут),
- Николас Джексон (70),
- Джейдон Санчо (83),
- Мойсес Кайседо (91).
Осылайша, «Челси» тарихында алғаш рет Конференция лигасының кубогын иеленіп, бұған дейінгі Чемпиондар лигасы (2012, 2021) және Еуропа лигасы (2013, 2019) жеңістеріне тағы бір еуротрофей қосты.
Ал «Бетис» еурокубок тарихындағы алғашқы финалында күміс жүлде иеленді.