Қазақстандық Айя Айтбай Dream Together Master бағдарламасы бойынша білім алады

Айя Айтбай Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен спорттық менеджмент саласындағы әлемдегі жетекші білім беру бастамаларының бірі — Dream Together Master бағдарламасына қабылданды.
Бұл бағдарлама Сеул Ұлттық университетінде (Seoul National University) жүзеге асырылады және спорт индустриясындағы болашақ көшбасшыларды даярлауға бағытталған.
Айя Айтбай – елордалық жасөспірімдер құрамасының мүшесі және Қазақстаннан шыққан халықаралық санаттағы санаулы төрешілердің бірі. Ол қызметтік жолында 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында төреші ретінде жұмыс атқарған.
2024 жылы Айя Athlete365 Career+ атты кәсіби бағдар семинарына қатысып, халықаралық білім беру бағдарламалары туралы мағлұмат алды. ҰОК-нің қолдауымен ол DTM бағдарламасына қатысуға өтініш беріп, кейіннен оның кандидатурасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ANOC) тарапынан мақұлданып, толық білім грантына ие болды.