Спорт Министрі | Мароккода өтетін Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
БАСҚАЛАРЫ

Мароккода өтетін Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Марокко астанасы Рабат қаласында каратэден Премьер-лига жарысының шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.

Халықаралық додада 64 елден келген 376 үздік спортшы өзара мықтыны анықтайды. Жарыс соңында маусым қорытындысы бойынша Grand Winner марапатының иегерлері де анықталмақ. Бұл атаққа Қазақстаннан Мөлдір Жаңбырбай, Софья Берульцева және Әсел Қанай үміткер.

Қазақстан құрамасының сапында 14 спортшы бар:

Әйелдер:

  • Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)

  • Гүлмира Үсенова (-55 кг)

  • Әсел Қанай (-61 кг)

  • Николь Ценгель (-61 кг)

  • Айжан Бәкірова (-61 кг)

  • Софья Берульцева (+68 кг)

Ерлер:

  • Дархан Темірәлиев (-60 кг)

  • Дидар Әмірәлі (-67 кг)

  • Олжас Алтынбек (-67 кг)

  • Қайсар Алпысбай (-67 кг)

  • Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

  • Данияр Юлдашев (-84 кг)

  • Никита Тарнакин (-84 кг)

Басқа жаңалықтар

Back to top button