Спорт Министрі | Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Қырғызстаннан басым түсті
ФУТБОЛ

Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Қырғызстаннан басым түсті

Футболдан Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы Бішкекте Қырғызстанға қарсы жолдастық матч өткізді. Кездесу 3:1 есебімен отандастарымыздың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды SportM.kz.

Гол авторларының қатарында Ботагөз Жұмажанова мен дубль авторы Ангелина Остер бар. Бұл оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы кездесу болатын. Қос команда екінші ойынды 30 мамырда Қырғызстан футбол одағының базасында өткізеді.

Қазақстан құрамасының сапында:

Қақпашылар: Каролина Гук («Астана»), Стелла Бабурчина-Луклянец («Ертіс»)

Қорғаушылар: Ксения Сандер, Владлена Гавриш, Валерия Друзь (бәрі – «Шахтер»), Дина Кукиль («Тобыл»), София Яшкова («Қайрат»)

Жартылай қорғаушылар: Варвара Цой («Тобыл»), Кәусар Алпысбай, Айя Муттари («Қайрат»), Жібек Ержанқызы («Елімай»), Әлзия Жамбыл («Астана»), Валерия Косарева («Ертіс»), Дамира Мақсат, Саида Дюсембаева (екеуі де – «Шахтер»)

Шабуылшылар: Ангелина Остер, Ангелина Кленова («Қайрат»), Толғанай Амантай («Шахтер»), Виктория Бахман («Алтай»), Ботагөз Жұмажанова («Атырау»)

Басқа жаңалықтар

Back to top button