Спорт Министрі | Тайландтағы халықаралық турнир: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
БОКСТРЕНДТЕ

Тайландтағы халықаралық турнир: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан ширек финалда филиппиндік Рональд Чавесті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Екінші раундта Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберді.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Сонымен қатар, ол 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанған болатын.

Қазақстан құрамасынан жарысты әрі қарай Назерке Серік (65 келі) пен Данияр Рахимбердиев (90 келі) де жалғастыруда.

Ал Оразбек Асылқұлов (60 келі) пен Даниял Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына есе жіберіп, турнирмен қоштасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button