
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында чемпион атанды, деп хабарлайды SportM.kz.
Кенжебаева ресейлік серіктесі Софья Лансеремен бірге финалда қытайлық Мэйки Го мен таиландтық Пеангтарн Плипуеч дуэтін үш сетке созылған тартысты кездесуде 6:3, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп шықты.
Бұл – Сандуғаштың биылғы маусымдағы ITF турнирлері аясындағы төртінші жұптық жеңісі. Бұған дейін ол Түркияның Анталья қаласында өткен үш турнирде де жұптық сында топ жарған болатын.
Жас теннисші үшін бұл нәтиже маусым ішіндегі тұрақты жетістіктерінің жалғасы болып отыр.