
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында аустралиялық Джеймс Даквортты жеңіп, жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды SportM.kz.
Әлемнің 62-ракеткасы атанған Бублик рейтингте 92-орында тұрған қарсыласынан үш сетте айқын басым түсті – 6:2, 6:4, 6:4.
Бір сағат 49 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланған. Ал Дакворт 2 эйс жасағанымен, 4 брейк мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.
Енді Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін тағы бір аустралиялық — әлемнің 9-ракеткасы Алекс де Минормен кортқа шығады.