
Қазақстан астанасы алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын болды. Бұл шешім Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының дауыс беру қорытындысынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыс өткізуге үш ел — Қазақстан, Франция және АҚШ үміткер болды. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша АҚШ турнирге үміткерлер қатарынан шығып қалды. Ал екінші кезеңде Астана мен Франция арасында тартысты бәсеке өрбіді.
Финалдық дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
-
Қазақстан – 54,68 %
-
Франция – 45,32 %
Осылайша, үстел теннисінен әлемнің басты жарысы алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылады. Чемпионат 2027 жылы Астанада өтеді.
Айта кетейік, 2028 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында, ал 2029 жылғы дүбірлі дода Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін болды.