БАСҚАЛАРЫ
Қылышпен семсерлесу: Қазақстан құрамасы Әлем кубогының кезеңіне қатысты

Испания астанасы Мадридте өткен қылышпен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды SportM.kz.
Ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын төрт спортшы қорғады. Ең үздік нәтижені Бақдәулет Құралбекұлы тіркеп, 39-орынға ие болды.
Қалған спортшылардың нәтижесі:
-
Артём Саркисян — 83-орын
-
Жанат Нәбиев — 100-орын
-
Назарбай Саттархан — 129-орын