Спорт Министрі | Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында 74 медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан джиу-джитсудан Азия чемпионатында 74 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Иорданияның Амман қаласында өткен джиу-джитсудан 9-шы Азия чемпионатында жалпы саны 74 медальға ие болып, командалық есепте көш бастады.

Чемпионатқа 27 елден 778 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 21 алтын, 27 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынды Таиланд, үшінші орынды Вьетнам иеленді.

Бұл жетістік ел спортшыларының кәсіби шеберлігі мен табандылығын көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button