
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Әлемнің 103-ракеткасы атанған Шевченко бастапқыда іріктеу финалында жеңіліп қалған еді. Алайда кейіннен негізгі сеткаға шақырту алып, өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.
Алғашқы айналымда ол әлемдік рейтингте 125-орында тұрған сербиялық Душан Лайовичті үш сетте жеңді – 6:2, 6:4, 7:6 (7:4).
Матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 3 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың 5-еуін сәтті пайдаланды. Лайович 3 эйс пен 2 брейкпен жауап берді.
Келесі айналымда Шевченко әлемнің 17-ракеткасы Григор Димитров (Болгария) немесе 106-нөмірлі америкалық Итан Куинмен кездеседі.