
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетіп, жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды SportM.kz.
Әлемнің 11-ракеткасы саналатын Рыбакина бұл кезеңде аргентиналық іріктеу жеңімпазы, WTA рейтингінде 202-сатыдағы 22 жастағы Хулия Риерамен кездесіп, үш сетке созылған күрделі матчта басым түсті – 6:1, 4:6, 6:4.
Алғашқы партияда қазақстандық теннисші екі рет брейк жасап, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарып, 6:4 есебімен есепті теңестірді. Шешуші сетте Рыбакина тәжірибесін көрсетіп, матчты өз пайдасына аяқтады.
Жалпы 1 сағат 45 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 7 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.
Келесі кезеңде Елена 17 жастағы америкалық Ива Йовичпен (WTA №129) кездеседі.