Спорт Министрі | Биыл 1200-ден астам түлек спорттық оқу орындарын тәмамдайды
БАСҚАЛАРЫ

Биыл 1200-ден астам түлек спорттық оқу орындарын тәмамдайды

Қазақстанда 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша олимпиадалық резервті дайындайтын мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерді 1200-ден астам түлек аяқтады, деп хабарлайды SportM.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйеніп.

Бүгінде елімізде 19 спорттық оқу орны жұмыс істейді. Оның 5-еуі республикалық, 14-і өңірлік деңгейде. Биыл 490 түлек республикалық оқу орындарынан, 730-дан астамы өңірлік мекемелерден түлеп шықты.

Түлектер саны бойынша көш бастап тұрған оқу орындары:

  • Алматыдағы республикалық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі – 129 түлек

  • К.Ахметов атындағы мектеп – 124 түлек

  • Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп – 99 түлек

  • Республикалық спорт колледжі – 93 түлек

  • Риддер қаласындағы мектеп – 45 түлек

Министрліктің хабарлауынша, бұл көрсеткіш – еліміздегі олимпиадалық резервті даярлау жүйесінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеп тұрғанының дәлелі.

— Қазақстан спорттық болашаққа, ең алдымен білім беру саласы арқылы сенімді инвестиция жасауды жалғастырады, — делінген министрлік хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button