Спорт Министрі | Ролан Гаррос: Рыбакинаның қарсыласы өзгерді, Путинцева мен Бублик те кортқа шығады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Ролан Гаррос: Рыбакинаның қарсыласы өзгерді, Путинцева мен Бублик те кортқа шығады

Франция астанасы Парижде өтетін «Ролан Гаррос» турнирінде Қазақстанның үздік теннисшілері алғашқы матчтарын 26 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды SportM.kz.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқыда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесуі керек еді. Алайда Бенчич жарақатына байланысты жарыстан бас тартты. Оның орнына аргентиналық, әлемдік рейтингтің 204-сатысында тұрған 22 жастағы Хулия Риера негізгі сеткаға қосылды.

Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемнің 29-нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева іріктеу кезеңінен өткен тағы бір аргентиналық — 112-орындағы Солана Сьеррамен күш сынасады.

Ерлер арасында Қазақстанның көшбасшысы, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда аустралиялық Джеймс Даквортпен (ATP №92) кортқа шығады.

Барлық үш кездесу де 26 мамырға жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button