Спорт Министрі | Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, 4 алтын медаль иеленді, деп хабарлайды SportM.kz.

Жекелей сында Жоламан Биғабыл (55 келі) финалда өзбекстандық Собитхон Қосимовты жеңіп, құрлықтық додада топ жарды.

Ал алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысып отырған Дайяна Даренская (68 келі) финалда жапониялық Кама Цубасадан айласын асырды.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) Ираннан келген қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионатының қатарынан үшінші мәрте жеңімпазы атанды.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) да финалда жеңіске жетті. Ол Жапония спортшысы Сумире Сугитаны жеңіп, Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды.

Қазақстан әйелдер командасы командалық сынның финалына жолдама алды. Ал ерлер құрамасы Сауд Арабиясын 3:2 есебімен ұтып, қола медальға қол жеткізді. Құрамда Дидар Әмірәлі, Нұрқанат Әжіқанов, Әбілмансұр Батырғали, Шыңғыс Тайлиев, Никита Тарнакин, Данияр Юлдашев, Ғалым Асылхан және Диас Анарбеков өнер көрсетті.

Сондай-ақ әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай да жарысты қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button