Спорт Министрі | Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанды жолдастық кездесуде жеңді
ФУТБОЛ

Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанды жолдастық кездесуде жеңді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуінде 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

Алматыда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында өткен ойында Карина Берікова хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады. Қырғызстан құрамасы бір ғана голмен жауап қатты.

Бұл — 23 мамырда басталған жиын барысындағы алғашқы бақылау кездесуі. Екі құрама 28 мамыр күні тағы бір жолдастық матч өткізеді. Жаттығу процесі Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының базасында өтіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button