Спорт Министрі | Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Ауыр салмақтағы аты аңызға айналған боксшы, бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жекке шығуы мүмкін, деп хабарлайды SportM.kz Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жекті ұйымдастырушылар қарсылас ретінде ММА әлемінің жұлдызы — Федор Емельяненконы Қазақстанға шақыруды жоспарлап отыр.

— Біздің жоспарымызда Майк Тайсон мен Федор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті өткізу бар. Бұл бағытта дайындық қызу жүріп жатыр. Шараны желтоқсан айына жоспарлап отырмыз, – деді Alash Pride лигасының президенті Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, бұл — елімізде өткізілетін ең ауқымды жекпе-жектердің бірі болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button