Спорт Министрі | Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы ITF турнирінде чемпион атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы ITF турнирінде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында топ жарды, деп хабарлайды SportM.kz.

20 жастағы Кенжебаева ресейлік серіктесі Софья Лансеремен бірге турнирге 2-нөмірлі жұп ретінде тіркелген. Олар қатарынан төрт матчта жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде қазақстандық-ресейлік дуэт жарыстың басты фавориттері – қытайлық Меики Куо мен таиландтық Пеангтарн Плипуекке қарсы ойнады.

Алғашқы сетте Кенжебаева мен Лансере 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары есепті теңестірді – 3:6. Алайда супер тай-брейкте Сандуғаш пен Софья жеңісті жұлып әкетті – 10:8.

Бұл Кенжебаева үшін маусымдағы ірі жетістіктердің бірі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button