БАСҚАЛАРЫ
Әділбек Мусин Францияда өткен турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Францияның Канет қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екінші орын алды, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыс жолында Мусин мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта бас жүлдені франциялық Максим Груссе жеңіп алса, үздік үштікті тағы бір француз спортшысы Клемент Секки түйіндеді. Айта кетейік, қос қарсылас та — Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері.
Әділбектің бұл нәтижесі оның халықаралық деңгейде жоғары дайындықта екенін тағы бір дәлелдеді.