Спорт Министрі | Қазақстандық 10 жас боксшы Азия чемпионы атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстандық 10 жас боксшы Азия чемпионы атанды

Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында өткен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті – 10 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SportM.kz.

2007-2008 жылы туған боксшылар қатысқан құрлықтық дода 10-24 мамыр аралығында өтті. Қазақстандықтар финалда 11 жекпе-жек өткізіп, соның 10-ында жеңіске жетті.

Жасұлан Бердалы (75 келі) күміс, ал Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі) қола жүлдеге ие болды. 71 келіде еліміздің спортшысы жүлдесіз қалды.

Азия чемпионатының жеңімпаздары:
🥇 1-орын:

  • Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
  • Досымжан Таңатар (51 келі)
  • Алдияр Бахадүр (54 келі)
  • Нығман Нығмет (57 келі)
  • Әділет Тортубек (60 келі)
  • Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
  • Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
  • Игорь Соловьёв (80 келі)
  • Расул Асанханов (92 келі)
  • Бексұлтан Қайратұлы (92+ келі)

🥈 2-орын:

  • Жасұлан Бердалы (75 келі)

🥉 3-орын:

  • Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button