БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы жүзуден Испаниядағы турнирде өнер көрсетуін аяқтады

Барселонада өткен беделді халықаралық турнирде қазақстандық жүзушілер жарысты аяқтады, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыстың соңғы күні А финалына тек Әділбек Мусин өтті. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бесінші орынға ие болды.
Сонымен қатар бірнеше спортшымыз В финалында бақ сынады. Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 14-орыннан көрінсе, Ксения Игнатова 100 метрге арқамен жүзуде 12-орынға тұрақтады. Арсен Қожахметов 100 метрге брасспен 11-ші болып мәреге жетсе, Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің В финалында 15-ші орын алды.