Спорт Министрі | Астанадағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандық боксшылардың алдын ала тізімі жарияланды
БОКСТРЕНДТЕ

Астанадағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандық боксшылардың алдын ала тізімі жарияланды

30 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласында өтетін бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының алдын ала тізімі белгілі болды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов турнирге елдегі үздік боксшылар қатысатынын айтты. Басты үміт артып отырған спортшылар қатарында:

  • Санжар Тәшкенбай (50 келі)
  • Махмұд Сабырхан (55 келі)
  • Серік Теміржанов (60 келі)
  • Ертуған Зейнуллинов (65 келі)
  • Абылайхан Жүсіпов (70 келі)
  • Сабыржан Аққалықов (75 келі)
  • Нұрбек Оралбай (80 келі)
  • Бекзад Нұрдәулетов (85 келі)
  • Сағындық Тоғамбай (90 келі)
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)

Құрама мүшелері алғашқы оқу-жаттығу жиынын 1-18 мамыр аралығында Түркістан облысында өткізді. Келесі дайындық кезеңі 26 мамыр мен 9 маусым аралығында Щучинск қаласында өтпек. Ал соңғы кезең — халықаралық біріккен оқу-жаттығу жиыны — 17-29 маусым күндері өтеді. Оған АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралия құрамалары да қатысады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button