Спорт Министрі | Жүзуші Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды
БАСҚАЛАРЫ

Жүзуші Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды

Испанияның Барселона қаласында өтіп жатқан ірі халықаралық жүзу турнирінің алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін тартысты сәттерге толы болды, деп хабарлайды SportM.kz.

Ең үздік нәтижені ел намысын қорғап жүрген Әділбек Мусин көрсетті. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалға өтіп, шешуші сында төртінші орынға тұрақтады. Жүлдеге бір қадам жетпей қалғанымен, оның көрсеткіші команда үшін жоғары нәтиже саналады.

Сонымен қатар, өзге спортшылар да А және В финалдарында бақ сынап, мынадай нәтижелер көрсетті:

  • Ксения Игнатова – 200 метрге арқамен жүзуде 8-орын, 50 метрге арқамен жүзуде 16-орын;
  • Арсен Қожахметов – 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 15-орын;
  • Софья Сподаренко – 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 10-орын;
  • Максим Сказобцов – 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 14-орын.

Қазақстандық жүзушілер жарыстың келесі күндерінде жүлде үшін күресті жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button