ТЕННИС
Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды SportM.kz.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Құламбаева алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 480-сатыда тұрған жергілікті теннисші Аня Станковичті 6:3, 6:2 есебімен оңай ұтты.
1/8 финалда ол түркиялық Айла Ақсумен күрделі матч өткізді. Алғашқы сетте 6:2 есебімен жеңіске жеткен Жібек екінші партияда 3:6 есебімен ұтылды. Алайда шешуші сетте басымдылық танытып, 6:2 нәтижесімен ширек финалға жолдама алды. Матч ұзақтығы екі сағатқа жуық болды.
Құламбаева енді жартылай финал үшін Мальта елінің өкілі, рейтингте 369-орында тұрған Франческа Курмимен кездеседі.