БАСҚАЛАРЫ

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Испанияда өткен турнирде топ жарды

Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды SportM.kz.

WTT Youth Contender турнирі Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өтті. Отандасымыз бұл жарыста 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Жәния жарыс барысында Италия, Испания, Мажарстан, Германия және Швейцария өкілдерімен кездесіп, барлығын 3:0 есебімен ұтты. Бұл нәтиже оның айқын басымдығын көрсетті.

Спортшының бұл табысы – Қазақстан үстел теннисінің жас буын арасындағы әлеуетін дәлелдей түскен жеңіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button