Спорт Министрі | Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде Олимпиада чемпионымен ойнайды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде Олимпиада чемпионымен ойнайды

Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымындағы жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кездесуінде Токио Олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичпен кортқа шығады, деп хабарлайды SportM.kz.

Швейцариялық Белинда Бенчич қазіргі таңда WTA рейтингінде 39-орында тұр. Екеуінің арасындағы жекпе-жектер тарихы аса тартысты. Токио Олимпиадасының жартылай финалында Рыбакина дәл осы қарсыласынан жеңілген болатын. Кейін Бенчич алтын медаль иеленсе, қазақстандық теннисші қола үшін кездесуде украиналық Элина Свитолинаға жол беріп, жүлдесіз қалған еді.

Биылғы маусымда да Елена Рыбакина мен Белинда Бенчич кездесті. Әбу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде Бенчич тағы да жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да Ролан Гаррос жарысына қатысады. Ол алғашқы айналымда іріктеу кезеңінен өткен қарсыласымен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button