Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ITF Futures турнирі өтеді

31 мамыр – 7 маусым аралығында Астанада арбадағы теннис бойынша халықаралық KPMG Open турнирі өтеді, деп хабарлайды SportM.kz.
Бұл жарыс – Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ITF Futures Series санатындағы турнир болмақ.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, додаға 11 елдің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Аустралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Қазақстан өкілдері кортқа шығады.
Әлемдік рейтингте ТОП-100 қатарына енетін бірнеше мықты ойыншының қатысатыны белгілі болды. Ерлер арасында:
-
Жапониядан – Тамоя Тачи (№57)
-
Оңтүстік Кореядан – Ли Джин Хван (№74)
-
Жапониядан – Юшинобу Фуджимото (№82)
Әйелдер қатарында:
-
Ресейден – Виктория Львова (№21)
-
Аустралиядан – Сэлли Шварц (№41)
-
Оңтүстік Кореядан – Джу Юн Пак (№60)
-
Ресейден – Людмила Бубнова (№60)
-
Қазақстаннан – Айжан Бітімбаева (№84)
Турнир Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді. Жарыс екі кезеңге бөлінген: бірінші кезең 31 мамыр – 3 маусым, екінші кезең 4 – 7 маусым аралығында ұйымдастырылады.
Жобаны Қазақстан теннис федерациясы мен KPMG компаниясы бірлесе жүзеге асырып отыр. Бұл бастама елімізде арбадағы теннистің дамуына жаңа серпін бермек.