КҮРЕС
Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

Айта кету керек, биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені Кубоктың басты мақсаты — алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.
Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.
Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.