Грекияда өткен Халықаралық сессияда жасанды интеллект пен киберспорттың олимпиадалық қозғалысты дамытудағы рөлі талқыланды

Сессия жұмысына әлемнің 100 елінен келген 150 ҰОК және ҰОА өкілдері қатысты.
Форумның негізгі тақырыптары – жасанды интеллект мәселелері және киберспортты олимпиадалық білім беру бағдарламаларына енгізу перспективалары болды.
Іс-шара барысында қатысушылар киберспорт, жасанды интеллект және олардың спорттық білім берудегі рөлі туралы халықаралық мамандардың баяндамаларын тыңдады. Олимпияда сөз сөйлегендер қатарында: Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Фейсал бин Бандар бин Сұлтан Әл Сауд, биотехнология мен білім беру технологиялары жөніндегі сарапшы Хассан Кхачфе, ХОК-нің жасанды интеллект жөніндегі бизнес-менеджері Джошуа Сух, OBS компаниясының бас технологы Сотирис Саламурис және құқық профессоры Альберто Каррио бар.
Қатысушылар жасанды интеллект пен киберспортты білім беру бағдарламаларына енгізудің мүмкіндіктері мен болашағын талқылады.