Спорт Министрі | Елена Рыбакина теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Синьюймен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Рыбакина жалпы есепте 6:1, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Польша спортшысы Магда Линеттпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button