
Сингапурде өткен көркем гимнастикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық жас спортшылар табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 7 жүлдеге ие болды.
Алматыдағы олимпиадалық даярлау орталығының гимнастшылары 4 алтын және 3 күміс медаль еншіледі. Жеке бағдарламада Ақмарал Ерекешева доп және лентамен жаттығуда чемпион атанып, шеңбермен сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.
Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы булава және шеңбермен сайыста үздік атанып, алтын медальға қол жеткізді. Командалық есепте ел құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Аталған жетістіктерге Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек, Ксения Шимолина, Томирис Вахлова, Анастасия Чащина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егорова сынды спортшылар үлес қосты.
Сонымен қатар, топтық жаттығулардағы көпсайыста Ксения Шимолина, Томирис Вахлова, Анастасия Чащина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская және Елизавета Егорова құрамасы тағы бір күміс жүлдені еншіледі.