Спорт Министрі | Александр Шевченко камбэкпен жеңіске жетті
ТЕННИС

Александр Шевченко камбэкпен жеңіске жетті

Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Ширек финалдағы кездесуде қазақстандық теннисші жапониялық, әлемдік рейтингте 157-орында тұрған Шинтаро Мочизукимен кездесіп, камбэк жасап жеңіске жетті. Алғашқы сет тай-брейкпен аяқталып, 7:6 (7:2) есебімен жапониялық спортшының пайдасына шешілді. Алайда келесі екі партияда Шевченко ойын тізгінін толық қолға алып, 6:2, 6:4 есебімен үстем түсті.

Екі сағат 27 минутқа созылған матч барысында Шевченко 5 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды. Мочизуки болса 2 эйс және 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Шевченко енді іріктеу кезеңінің жартылай финалында франциялық, рейтингіде 268-сатыдағы Матис Эрхардпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button