
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының кезеңі басталды.
Жарыстың алғашқы іріктеу күнінде Қазақстан құрамасынан екі спортшы финалға жолдама алды. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов 14,233 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, Диас Тойшыбек 13,600 ұпаймен төртінші орынға жайғасып, финалға өтті.
Ат снаряды бойынша финалдық жарыстар 17-18 мамыр күндері өтеді.