Спорт Министрі | Алматыда күрестен ардагерлер арасында ірі халықаралық жарыс өтеді
КҮРЕС

Алматыда күрестен ардагерлер арасында ірі халықаралық жарыс өтеді

17-18 мамыр күндері Алматыдағы Sadu Arena спорт кешенінде еркін және грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы халықаралық турнир өтеді.

ҚР Күрес федерациясының хабарлауынша, «Ардагер алаңы» додасы осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық аймағынан келген 500-ге жуық балуан бақ сынайды.

Жарыстың жүлде қоры — 12 млн теңге. Турнирді Алматы қалалық күрес федерациясы мен «Қазақстан грек-рим және еркін күрес шеберлерінің қоры» біррлесіп өткізуде.

Турнир идеясының авторы Ерлан Малаевтың айтуынша, бұл жарысты өткізудегі басты мақсат — салауатты өмір салтын насихаттап, ардагерлер спортының деңгейін көтеру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button