Спорт Министрі | «Ақтөбе» клубы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалынан тыс қалды
БАСҚАЛАРЫ

«Ақтөбе» клубы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалынан тыс қалды

Жапонияда өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпиондар лигасының ширек финалында қазақстандық «Ақтөбе» командасы қатарлық «Аль-Райянға» жол берді.

Ойын тартысты өтті. Алғашқы екі сетте қарсыластар 25:20 және 25:18 есебімен басымдық танытты. Үшінші партияда Сергей Трикоздың шәкірттері есепті қысқартты — 25:23. Алайда шешуші төртінші сетте «Аль-Райян» өз артықшылығын сақтап, 25:20 нәтижесімен жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 3:1.

Осылайша, құрлықтық додаға алғаш рет қатысып отырған «Ақтөбе» жартылай финалға өте алмай, жарысты тоқтатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button