
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық кезеңінің ойындары өтеді.
18:00-де елордалық «Жеңіс» пен «Астана», сондай-ақ түркістандық «Тұран» мен қостанайлық «Тобыл» командалары кездессе, 20:00-де шымкенттік «Ордабасы» мен алматылық «Қайрат», петропавлдық «Қызылжар» мен семейлік «Елімай» өзара мықтыны анықтайды.
Биылғы Қазақстан кубогына Премьер-лига, бірінші және екінші лигалардан жалпы саны 30 команда қатысуда. Алдымен төменгі лига командалары іріктеу кезеңдерін өткізіп, 1/8 финалда Премьер-лига клубтарына қосылған болатын.
Аталған турнирдің жеңімпазы келесі жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.