БАСҚАЛАРЫ
Талдықорғанда жүзуден іріктеу чемпионаты басталды

13 мамыр күні Талдықорған қаласында жүзуден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Республикалық деңгейдегі турнир төрт күнге созылады. Оған еліміздің ұлттық құрамасындағы жетекші спортшылар қатысуда.
Аталған чемпионат – әлем чемпионаты мен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне іріктеу және лицензиялық кезең ретінде ерекше маңызға ие.
Турнир барысында жүзу шеберлері тек жүлде үшін ғана емес, халықаралық аренаға жолдама алу үшін де бақ сынайды.
Қазақстан чемпионаты 16 мамырда өз мәресіне жетеді.