Спорт Министрі | Алуа Нұрман — блиц шахматтан Азия чемпионы
БАСҚАЛАРЫ

Алуа Нұрман — блиц шахматтан Азия чемпионы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында Қазақстандық Алуа Нұрман топ жарды, деп хабарлайды Sportm.kz.

18 жастағы алматылық шахматшы Швейцариялық жүйе бойынша өткен жарыста жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсіп, тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда отандасы Ксения Балабаеваны жеңіп, 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Жарысқа қатысқан басқа қазақстандық шахматшылар да лайықты өнер көрсетті:

  • Елназ Қалиахмет – 5-орын

  • Ксения Балабаева – 7-орын

  • Лия Құрманалиева – 10-орын

Басқа жаңалықтар

Back to top button