БАСҚАЛАРЫ
Руслан Курбанов семсерлесуден Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанды

Қылышпен семсерлесу спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі Руслан Курбанов Колумбияның Богота қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Финалда Курбанов жапониялық Акира Коматемен кездесіп, 10:15 есебімен жол берді. Осылайша турнирді екінші орынмен аяқтады.
Жартылай финалда ол өзбекстандық Вадим Анохиннен 15:14 есебімен басым түскен болатын.
Үздік үштікті франциялық спортшы Луиджи Мидельтон түйіндеді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан Ерлік Сертай сегізінші орын алып, үздік ондыққа енді.